Жетісу облысында есірткімен күресуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді
Жетісу облысында есірткімен күресуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ПД ЖПҚБ, “Жастар рухы” жастар қанатының еріктілері және “Талдықорған жастары” белсенділерімен бірге есірткі мәселесімен күресуге бағытталған бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Ең маңыздыларының бірі – есірткі жарнамасымен граффити бояу акциясы болды. Оған 10 “Жастар рухы” еріктілері және “Талдықорған жастары” белсенділері қатысты. Рейд барысында 5 граффити анықталды, олар боялып, қала көшелерінде тазалық орнады.
Еріктілер брошюраларды тарату акциясын да ұйымдастырды. Облыстың 400-ден астам тұрғыны есірткінің зияны және осы мәселемен күресу жолдары туралы ақпарат алды. Ақпараттық буклеттер тек көшелерде ғана емес, сонымен қатар патрульдік полиция қызметімен бірлескен рейдтер кезінде де таратылды.
Кәсіби қоғамдастық және жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Наркологиялық диспансердің дәрігерлерімен және пациенттерімен кездесулер өтті, онда тәуелділікті оңалту және алдын алу жолдары талқыланды. Сонымен қатар басқарма қызметкерлері өңірдің мектептері мен колледждерінің 163 оқушыларын қамтыған дәрістер өткізді.
Бір күнде полицейлер мен олардың серіктестері 600-ден астам адамды қамтыды. Бұл іс-шаралар халықтың хабардарлығын арттырып қана қоймай, жастар мен ересектер арасындағы нашақорлықтың алдын алуға маңызды үлес болды.