Астана полициясы алаяқтықпен айналысып жүрген күдіктіні ұстады
Астана полициясы алаяқтықпен айналысып жүрген күдіктіні ұстады , – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл ауданы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері кінәсін мойындаған 21 жастағы күдіктіні ұстады. Жас жігіт уақытша пайдалануды сылтауратып ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа тапсырды. Тапқан табысты өз қажеттілігіне жұмсады. Кейін жәбірленушілермен кездесулерден қашып, олардың телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.
Полицейлердің айтуынша, ол бір фактімен тоқтамай, адамдарды алдауды жалғастырған.
Сайттардан ойын приставкаларын жалға беру хабарландыруларын тапқан. Приставканың иелерімен хабарласып, жалға алған. Осылайша, құны 5 млн тұратын жеті Playstation 5 ойын
приставкасын алдап алған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Заттай айғақтар ломбардтан тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталды.