Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 105 қылмыстың беті ашылды

Алматы облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 105 қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның қызметтік-іздестіру иттері ұзақ уақыт бойы қылмысқа қарсы күресте сенімді және таптырмас көмекші ретінде танымал.  

Төртаяқты полицейлер ең қиын жағдайларда да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қатаң жаттығулардан өтеді. Олардың иістерді ажырата білу, жасырын есірткіні немесе қаруды анықтау және іздерді табу қабілеті көбінесе қылмысты ашуда шешуші факторға айналады. 

Олардың ерекше сезімі, жылдам реакциясы және мінсіз дайындығы жедел іс-шараларда шешуші рөл атқарады. Бұл төртаяқты серіктестер дәлелдер табуға, қылмыскерлерді ұстауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. 

 – Жыл басынан бері қызметтік иттердің арқасында 105 қылмысты ашуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде 57 ұрлық, 5 тонау, есірткіге қатысты 9 теріс қылық және 20 есірткі қылмысы бар. Төртаяқты полицейлер 899 жедел шараларға қатысып, құқық қорғау органдарының жұмысында өздерінің таптырмастығын дәлелдеді, – деп атап өтті полицейлер. 

 Бұл нәтижелер қызметтік иттердің қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты сақтау үшін көмегі өте маңызды адал серіктес болып қала беретіндігінің айқын дәлелі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру