Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция 57 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысында полиция 57 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында учаскелік полиция инспекторлары 336 мыңнан астам мекенжайды, 3412 шаруашылық ауланы, жалға берілетін 260 пәтерді тексерді. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 10 218 тұрғынды және 9748 азаматтық қару иесін тексерді. Рейд барысында тәртіп сақшылары қаруды сақтау, тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзудың 160-тан астам фактісін анықтады. Мәселен, Мақтаарал ауданында тіркеу мерзімі өткен аңшылық мылтық иесін, жергілікті тұрғынды жауапқа тартты. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Барлығы 57148 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 3152 адам, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 80 және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін 48 құқық бұзушыға шара көрілді. Сондай-ақ көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 961 шетелдік азамат жауапқа тартылды.

Бұдан басқа учаскелік полиция инспекторлары мәселелерді зерделеу және шешу үшін жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, халықпен кездесулер өткізді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ақпараттық парақшалар таратты.

Естеріңізге сала кетейік, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, халықпен кері байланысты нығайту және азаматтардың полиция жұмысына деген сенімін арттыру мақсатында өткізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру