Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батыс Қазақстан полицейлері есірткі тасымалдаушыны ұстады

Батыс Қазақстан полицейлері есірткі тасымалдаушысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Ол Telegram арнасы арқылы есірткі таратушы ретінде жұмысқа тұрғаны анықталды.

Тұлғаны жеке тексеру барысында оның күртешесінің қалтасынан жабысқақ таспамен оралған, ішінде ұнтақ тәрізді заты бар 29 zip-пакет табылды. Сонымен қатар ер адамның қол сөмкесінен дәл осындай 49 zip-пакет тәркіленді. Тергеу барысында күдікті тоқтаған қонақүй бөлмесінен де есірткі заттары табылды. Сейфтен ұнтақ затқа ұқсас 205 zip-пакет шықты.

Сараптама нәтижесінде бұл заттың жалпы салмағы 478 грамм болатын «мефедрон» психотроптық заты екені анықталды. Бұл – 2 мыңнан астам бір реттік доза.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті есірткінің таралуына қарсы күресті күшейту мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қажетті шараларды жалғастыруда.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру