Алматылық еріктілер 113 әйел мен баланы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғады
Алматылық еріктілер 113 әйел мен баланы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының полиция департаменті еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың әлеуетін тиімді пайдаланып, олардың көмегімен бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде департамент 6 еріктілер қозғалысымен, 11 қоғамдық құқық қорғау тобымен және 2 үкіметтік емес ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде.
2024 жылдың басынан бері еріктілердің қолдауымен 9 қылмыс ашылып, 4 223 құқық бұзушылық анықталды.15 мың есірткі жарнамасы жойылды.113 әйел мен бала тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқарылды.
Із-түзсіз жоғалған 227 адам, соның ішінде 115 кәмелетке толмаған бала табылды. 12 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Алматы полициясының ерекше серіктестері – Ішкі істер министрлігінің маңызды жобасы «Жас сақшы» қозғалысының өкілдері. Бұл жас патриоттар тобы отансүйгіштікке баулу және жастарды азаматтық белсенділікке тарту бағытында жұмыс істейді.
Еріктілер мен полиция арасында тығыз ынтымақтастық орнату шеңберінде волонтерлерге Алматы полициясының қару-жарағы мен материалдық-техникалық базасы таныстырылды.
Бұл бірлескен жұмыс азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының өзара ықпалдастығының айқын үлгісі.