Алматы облысының полиция департаментінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті
Алматы облысының полиция департаментінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу форматы барлығына ыңғайлы болу үшін екі түрде ұйымдастырылды: қала тұрғындары кездесуге жеке қатысса, шалғай аудандардандардың азаматтары үшін диалог онлайн-байланыс арқылы ұйымдастырылды.
Кездесудің басты назары қылмыстық істерді тергеуге байланысты мәселелерге аударылды. Тұрғындар департамент басшылығына жеке сұрақтар қоюға, жеке мәселелерін талқылауға және нақты жағдайлар бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.
Кездесу аясында әрбір айтылған мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданды. Барлық жауапты қызметкерлерге істерді жедел және сапалы қарау үшін нақты нұсқаулар берілді.
Департамент бастығы Мейрам Әбікеев атап өткендей, мұндай кездесулер оның жеке бақылауына алынып, әрбір мәселе міндетті түрде логикалық қорытындыға жеткізіледі.
– Азаматтармен тікелей қарым-қатынас бізге олардың өтініштеріне жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар халықтың құқықтық тәртіп органдарына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді. Біз кері байланысты бағалаймыз және осы бағытта жұмысты жалғастырамыз, – деп атап өтті М. Әбікеев.
Алматы облысының полиция департаменті әрбір тұрғын ресми байланыс арналары арқылы сұрақтар мен ұсыныстарымен жүгініп, қабылдауға жазыла алатынын еске салады. Біз өз өңірімізде қауіпсіздік пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істейміз.