Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған

Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Такси жүргізуші — заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Майлин көшесінде танымал ресурсқа тіркеліп алып, жолаушы тасымалымен айналысқан 30 жастағы шетелдік азаматтың басқаруындағы Toyota автокөлігі тоқтатылды. Шындығында оның мұндай құқығы болмады.

Шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚбтК-нің 517-бабы 5 бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Алматыда «Такси жүргізуші — заңсыз келуші» іс-шарасы аяқталды. Бес күн ішінде барлығы 190 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 136-сы жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқан.

Жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты 85 шетел азаматы ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 12 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 79 шетелдік елден шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру