Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері жолаушыларға сапарды жалғастыруға көмектесті

Абай облысының полицейлері жолаушыларға сапарды жалғастыруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсуат ауданының Екпін ауылы маңында Алматы – Зайсан бағытында келе жатқан Setra маркалы жолаушылар автобусы техникалық ақауға ұшырады. Бұл сәтте автобуста 41 жолаушы, оның ішінде 14 бала болған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды жақын маңдағы Екпін ауылының Мәдениет үйіне эвакуациялады. Құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысы мен жергілікті тұрғындардың жанашырлығының арқасында автобус дер кезінде жөнделіп, жолаушылар сапарларын аман-есен жалғастырды.

Қиын жағдайға тап болған жолаушылар полицейлердің кәсібилігі, жедел әрекеті мен қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Бұл оқиға – тәртіп сақшыларының азаматтарға қызмет етуге әрдайым дайын екенін дәлелдейтін тағы бір мысал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру