Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда тұрғынды қарумен қорқытып, ақша бопсалаған бұзақылар жазаларын өтеп жатыр

42 жастағы қала тұрғынын қорқытып, 1 миллион теңге ақша бопсалаған үш петропавлдыққа шығарылған үкім 8 қаңтар күні заңды күшіне енді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған қылмысты СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылдың көктемінде, табиғи апатқа байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланған кезеңде әшкереледі. Полиция қызметкерлері 29 жастағы екі петропавлдықты және бұрын бұзақылық пен тонау қылмысы үшін істі болған 31 жастағы бұзақыны ұстады.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, жәбірленушіні қаскөйлердің бірі таңдаған. Өйткені бір кездері олардың араларында дау-жанжал болған. Қылмыскерлер жәбірленуші ер адамнан ақшаны ең бірінші рет наурыз айында талап еткен. Сол уақытқа оны соққының астына алған. Кейін сәуір айында оның автокөлігін дөңгелек жинақтау пунктінде байқап қалып, тағы да ақша талап ете бастаған. Ер адам қаша жөнелгенде, олар соңынан қуып, қылмыскерлердің бірі оның соңынан газды тапаншадан бірнеше рет оқ атқан.

Нәтижесінде сот шешімімен үшеуі де қару қолдану арқылы қорқытып алуды және бұзақылықты жасағаны үшін олар кінәлі деп танылды. Сот олардың әрқайсысын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру