Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жастарға кәсіби бағдар берудің жаңа тәсілі енгізілді

Абай облысында жастарға кәсіби бағдар берудің жаңа тәсілі енгізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында жастарға болашақ кәсіби жолын таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында жаңа тәсіл қолданысқа енді. Осы бастаманы жүзеге асыру аясында Семей қаласындағы қауіпсіздігі аралас мекемеде тәрбие және кадр қызметінің ұйымдастыруымен жастар мен олардың ата-аналары үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында қонақтарға арнайы дайындалған бағдарлама ұсынылды. Көрнекі құралдар мен бейнематериалдар арқылы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі және ҚР ІІМ-нің жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

Мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Д. Жұмаханова қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етудің артықшылықтарына тоқталды. Ол бұл қызметтің беделі жоғары екенін, лайықты еңбекақы төленіп, қызметкерлерге тегін нысанды киім берілетінін және әлеуметтік қолдау шараларының көлемі кең екенін атап өтті. Сонымен қатар, полиция қызметінің қоғам тыныштығын сақтау, азаматтарды қорғау сияқты зор жауапкершілікті және тәуекелді талап ететін қызмет екенін айтты. Мемлекет құқық қорғау қызметкерлерін барынша қолдап, олардың қызметі үшін барлық жағдай жасап отырғанын ерекше атап өтті.

Д. Жұмаханова ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алу тегін екендігін де баса айтып, бұл салада білім алып, болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуді таңдаған жастар үшін барлық есік ашық екенін жеткізді.

Бұл іс-шара жастардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етіп, олардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына жол ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру