Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицияның кадрлық әлеуетін арттыру бойынша 250 жиын өткізілді

Түркістан облысында полицияның кадрлық әлеуетін арттыру бойынша 250 жиын өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың нұсқауымен жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары күн тәртібінен түскен емес.

Мәселен 2024 жылы полиция департаменті мен қалалық, аудандық полиция бөлімдерінде 250 жиын өткізілді. Онда «жұртқа жақын полиция» қағидатын қалыптастыру, халықтың мұң-мұқтаждығына дер кезінде ден қою, заң аясында қолдау білдіру тапсырылды. Ал қызметкерлердің төтенше жағдайларға психологиялық дайындығы және суицидтің алдын алу бойынша 34 дәріс өткізіліп, оған 11 мыңнан астам қызметкер қатысты. Инспектор-психологтардың ұйымдастыруымен 9 мың қызметкердің қатысуында 19 түрлі тест алынды.

Сонымен қатар өткен жылы 15 ауданның білім беретін мектептерінде «Жас сақшы» полиция сыныптары ашылды. Мақсат – балаларды Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухқа тәрбиелеу, елге қызмет етуге насихаттау. Полицейлердің кадрлық әлеуетін арттыру бағытында қызметтегі үлгілі тәртібі, кәсіби шеберлігі бойынша үздік деп танылған 1868 қызметкер марапатталды. Оның ішінде 125 қызметкер ішкі істер министрлігі тарапынан марапатқа бөленді.

Оған қоса тәртіп сақшыларын қызметтік құрал-жабдық, техникамен қамтып, оңтайлы жұмыс жасауына жағдай жасалуда. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру