Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелерін ескертті

Абай облысында полицейлер балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелерін ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінде қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Негізгі назар мұз үстінде демалатын балықшыларға аударылды, себебі мұз олардың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіруі мүмкін.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балықшылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, жұқа мұзға шығудың қауіптілігін түсіндірді. Сондай-ақ рейд барысында қатысушыларға мұздағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат берілді.

– Көзге мықты көрінетін мұздың өзі қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Қыс мезгіліндегі ауа райы құбылмалы, сондықтан кез келген қателік қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, – деп атап өтті Абай облысының полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері балықшыларды сақтыққа шақырады: “Балық аулау адам өмірінен қымбат емес! Сақ болыңыздар, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін әрдайым сақтаңыздар!”

Бұл шаралар қыс мезгілінде көлге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру