Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер жылды қорытындылап, алға қойылған тапсырмаларды айқындады

Қалалық полиция департаментінде ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың қатысуымен қорытынды жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға департамент басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков 2024 жылы қалада криминогендік ахуал тұрақты болғанын, жалпы қылмыс саны 16 пайызға азайғанын жеткізді. Сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар саны 7 пайызға төмендегенін айтты. Бұдан басқа, заңсыз айналымнан 158 келі есірткі тәркіленіп, 3 есірткі зертханасы жойылғанын атап өтті.

Сонымен қатар жиында ішкі істер министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында полиция қызметкерлеріне жүктелгенін міндеттер жеткізілді.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов 2025 жылды «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялады. Осыған байланысты жеке құрамға құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды және азаматтарды құқықтық ақпараттандыру бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру