Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полиция бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады

Ақтауда полиция бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтар сағат 04:15 шамасында полицияға Ақтау қаласының 33-шағын ауданында орналасқан №33 мектепте бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен облыстық полиция департаментінің кинологтары мен полиция қызметкерлері мектеп ғимараты мен оның айналасын мұқият тексеріп, қауіпті заттардың бар-жоғын анықтады. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 30 жастағы бұрын бірнеше рет сотталған күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Полиция жалған хабарламалардың төтенше қызметтерді негізсіз алаңдатып, қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ауыр құқық бұзушылық екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру