Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Бүгін Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаевтың төрағалығымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел кеңесте ҚР ІІМ діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылдың қорытындысымен кешенді жоспарын іске асыру және алдын алу жұмыстары қаралды.

Кеңес барысында өткен жылдың көлемінде профилактикалық бағытта атқарылған жұмыс жан-жақты талқыланып, сараланды. Серік Тоқтыбаев 2025 жылға облыс бойынша экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен жоспарлы түрде атқарылатын жұмыстарын нақтылады. Сондай-ақ жиналғандардың назарына тиімді әлеуметтік және құқық қолдану практикаларына, экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға бағытталған азаматтық қоғамның бастамаларын іске асырудың табысты тәжірибесі ұсынылды.

ПД бастығының орынбасары жуырда өткен ІІМ Алқа отырысында қойылған басты талаптар мен берілген тапсырмаларға жіті тоқталып, кеңінен түсіндіріп өтті. Халық арасында үгіт насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру