Алматыда полиция көше қарақшысын ұстады
Алматыда полиция көше қарақшысын ұстады. Ол таңғы уақытта мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті оқушыны күш көрсетемін деп қорқытып, оның телефоны мен 10 мың теңгесін тартып алған.
Жас жігіттің анасы полицияға болған оқиға туралы хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Бұл Жамбыл облысынан келген 20 жастағы адам. Айғақты зат тәркіленді. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды.
Ұсталған азамат қамауға алынды. Бұл қылмысты ашуда қаладағы бейнежүйелердің мүмкіндіктері барынша пайдаланылған.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.