Алматыда ер адамнан қару тәркіленді
Алматыда отбасылық жанжалға қатысы бар ер адамның аңшы қаруы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында болатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 20-29 қаңтар аралығында "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық жанжалдар көбіне ішімдік ішу немесе ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш салдарынан туындайды. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін құқық қорғау органдары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, анықталған әрбір құқық бұзушылық бойынша тиісті шара қолданады.
Осындай оқиғалардың бірі Бостандық ауданында тіркелді. Полицияға түскен ақпарат бойынша, бұл отбасында жиі жанжал болып тұратындықтан, олар тәртіп сақшыларының назарында болған. Зерделеу барысында отағасының тіркелген аңшылық қаруы бар екені анықталды. Сонымен қатар оның тұрақты түрде ішімдік ішіп, отбасылық тыныштықты бұзатыны белгілі болды.
Оқиғаның қайғылы жағдайға ұласуының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ер адамның аңшылық қаруын тәркілеу туралы шешім қабылдады.
https://youtu.be/MoT0UDDCETM?si=AQSFcHD-H6wKTBAT