Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда алғаш рет мопед тіркелді

Жетісуда алғаш рет мопед тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының орталығында 30 жастағы жергілікті тұрғын алғаш рет көлік құралына техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмір белгісін алды. Бұл жаңалық – Қазақстанда мопедтерді тіркеуге қатысты енгізілген өзгерістердің нақты көрінісі.

2024 жылдан бастап "Жол жүрісі туралы" заңына мопедтерді пайдалану тәртібін реттейтін маңызды толықтырулар енгізілді. Енді мопед иелері жол қозғалысының тең құқықты қатысушылары ретінде заң талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында елімізде мопедтерді тіркеу рәсімі іске қосылды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тіркеу үшін қажет құжаттардың тізімін әзірлеп, рәсімді барынша жеңілдетті.

Полиция қызметкерлері мопед иелеріне заңнама талаптарын орындаудың маңыздылығын еске салады. Олар көлік құралын тіркеу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алудың міндетті екенін атап өтті.

Сонымен қатар биылғы жылдың сәуір айынан бастап Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген түзетулер күшіне енеді. Бұл өзгерістерге сәйкес, мопед жүргізушілері жол қозғалысына басқа қатысушылармен тең дәрежеде құқықтық жауапкершілікке тартылады. А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу – мопед иелерінің міндеті.

Осылайша, жаңа талаптар жол қозғалысының қауіпсіздігі мен мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру