Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері киберқылмысты тергеудің жаңа әдісін талқылады

23-24 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері Қарағанды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясында өткен семинар-кеңеске қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара киберқылмыстар мен интернет-алаяқтықты ашу және зерттеу мәселелеріне арналды.

Семинарға киберқауіпсіздік саласындағы жетекші мамандар, құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің өкілдері жиналды. Іс-шара барысында ведомстволық өзара іс-қимылды нығайтуға және киберқылмыстарды тергеудің жаңа тиімді әдістерін әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Интернет-алаяқтықпен күресу, мобильді криминалистика саласындағы тәжірибе алмасу және құқық қорғау органдары тап болатын мәселелері ерекше маңызға ие болды. Талқылау барысында қатысушылар тергеу тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар бастаманы ұсынды. Олардың ішінде қылмыстық әрекеттерді интернетте талдау және қадағалауға арналған жаңа цифрлық құралдарды енгізу, сондай-ақ ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл үшін бірыңғай ақпараттық платформа құру.

- Киберқылмыстардың қарқынды өсуі жағдайында мұндай кездесулер бізге тәжірибе алмасып қана қоймай, азаматтардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ортақ стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Осындай іс-шаралар ұлттық киберқауіпсіздік жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады. Олар мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, интернет кеңістігіндегі қазіргі заманғы қауіп-қатерлерден азаматтарды қорғауға ықпал етеді. Семинар қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының жұмысына бүкіл ел көлемінде енгізілетін практикалық ұсыныстар қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру