Павлодардағы дәмханада кальян қолданған әкімші мен қонақ жауапқа тартылды
Павлодардағы дәмханада кальян қолданған әкімші мен қонақ жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарда кальян қолдану бойынша заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелеріне рейд ұйымдастырды.
– Рейд барысында бір тәуліктің өзінде осындай 5 құқық бұзушылық анықталды. Мысалы Ломов көшесінде орналасқан дәмханалардың бірінде әкімші келушіге кальян ұсынған. Сол жерде төрт қонақ кальян шеккені белгілі болды. Аталған құқық бұзушыларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, – де да і Павлодар облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Полиция өкілдері азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ денсаулыққа зиянды және тыйым салынған заттарды пайдаланудан бас тартуға шақырады. Белгіленбеген орындарда кальян қолдануға қатысты заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында рейдтік шаралар жалғаса береді. Ішкі істер органдарының "Заң және тәртіп" қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы қызметінің басты негізі болып табылады. Құқық бұзушылар заңға сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылады.