Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада депутаттар ПД-ның материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты

Қызылордада депутаттар полиция департаментінің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы ұсақ құқық бұзушылықтан бастап, қылмыстық құқық бұзушылықтың қай түріне болсын бүкіл қоғам болып ымырасыз күрес жүргізуді тапсырды.Мемлекет пен қоғам дамуының кепілі болып саналатын Заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты орнықтыру бағытында полиция өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқаруда. Осы мақсатта бүгінде елімізде полицияның жұмысына барынша қолдау көрсетіліп, оңтайлы жағдай жасалып жатыр.

Полиция жұмысы одан әрі тиімді болуы үшін ұсыныстар сараланып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, жыл басында облыстың барлық ауданында полиция бөлімдерінің жедел басқару орталықтары жұмысын бастады. Заманауи жоба ҚР ІІМ-нің бастамасымен және Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен республикада алғаш рет Қызылорда өңірінде іске асты.

Бірегей "Жедел басқару орталығы" жобасы аясында жеті аудандағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге барлығы 588 бейнебақылау камерасы орнатылған. Әр ауданда 77 бейнебақылау камера мен жеті жылдамдықты өлшегіш құралы бар.

Осы ретте бүгін облыстық мәслихат депутаттары Қызылорда облысы полиция департаментінің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Жедел басқару орталығында болып, қызметтік автокөліктерді қарап шықты. Жедел басқару орталығында оларға бейнебақылау камераларының мүмкіндіктері көрсетілді.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Сейтмұрат Туляпов салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатқанын жеткізді.

Облыста бүгінгі күні қылмыс деңгейі айтарлықтай азайып, қазіргі уақытта өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау – қылмыс санын азайтуға септігін тигізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру