Оралда есірткі заттарының заңсыз айналымы анықталды
Оралда есірткі заттарының заңсыз айналымы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қаласының Жедел басқару орталығы (ЖБО) бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі заттарының заңсыз айналымының фактісін анықтап, оның жолын кесті.
Қоғамдық қауіпсіздікті бақылау барысында ЖБО инспекторы көпқабатты үйдің ауласында күдік тудырған адамдарды байқады. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы азаматты ұстады, оның қалтасынан ерекше иісі бар жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңнамаға сәйкес, осындай қылмыстар үшін 80 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Құқық қорғау органдары есірткі қылмыстары үшін жазаның бұлтартпастығын еске салып, азаматтарды күдікті жағдайлар туралы полицияға хабарлауға шақырады.