Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер тонау дерегі бойынша күдіктілерді анықтады

Астанада полицейлер тонау дерегі бойынша күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңғы сағат төрт шамасында түнгі ойын-сауық орындарының бірінің алдында белгісіз адамдар ер азаматқа шабуыл жасап, күш қолданып, одан 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражат пен екі мобильді телефонды тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдікті жастарды анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды өздеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге және құқықбұзушылық жасаған күдіктілерді өз бетімен ұстауға әрекет жасамауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру