Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер мектеп директорларымен жиналыс өткізді

Алматыда полицейлер мектеп директорларымен жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полицейлердің бастамасымен қаладағы жалпы білім беретін мектептердің директорларымен кеңейтілген жиналыс өтті.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

– Бұл жағдайда ата-ананың, полицияның, ұстаздардың, жалпы жұртшылықтың бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана заңға бағынатын, ар-ұжданы мол, салауатты жастарды тәрбиелей алатынымызды айта кеткен жөн. Әрбірінің рөлі өте маңызды. Сондықтан балалардың даму кезеңдерінің бірінде бос орын пайда болмауы керек. Дұрыс тәрбие, дұрыс әңгімелесу, бос уақыттарын дұрыс өткізу, т.б. маңызды. Ювеналды полиция қызметкерлерінің жалпы міндеті – балаларда болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу және оларды келеңсіз жағдайлардан қорғау. Кәмелетке толмағандардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне ата-аналар тарапынан тәрбиелік ықпал етудің және бақылаудың болмауы, олардың заңсыз әрекеттерге баруына себеп болуы мүмкін, - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Алматы қалалық полиция департаменті кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, қадағалаусыз, панасыз қалудың алдын алуға бағытталған бірқатар кешенді шараларды жүзеге асыруда. Полицейлер жүйелі түрде республикалық, жалпы қалалық және жергілікті рейдтер жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру