Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер ауыр атлетика чемпионатын қолдап, жеңімпаздарды марапаттады

ШҚО-да полицейлер ауыр атлетика чемпионатын қолдап, жеңімпаздарды марапаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында спортты насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі – ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің базасында 14–23 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында өткен ауыр атлетика чемпионаты болды.

Жарыс облыстың ең мықты деген жас спортшыларын жинап, салауатты өмір салтын қолдауға арналған тартыс алаңына айналды. Облыс полицейлері турнирді қолдап қана қоймай, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне де қатысты. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы жас атлеттерді құттықтап, “Үздік техника”, “Абсолютті чемпион” және “Жеңіске деген жігері үшін” номинациялары бойынша грамоталармен марапаттады. Сонымен қатар үздік деп танылған спортшыларға кубоктар, турник және спорттық рюкзактар табыс етілді.

Чемпионаттың жабылу салтанатында ұйымдастырушылар мен ауыр атлетика ардагерлері полиция қызметкерлеріне белсенді азаматтық ұстанымдары мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді. Бұл турнир тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар жастардың дұрыс өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға және зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға ықпал ететін маңызды бастама болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру