Алматыда полицейлер студенттермен кездесу өткізді
Алматыда полицейлер студенттермен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаланың әкімшілік полиция қызметкерлері Еуразиялық технологиялық университетінің заң факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Білім беру бағдарламасының тақырыбы: “Қоғамдық тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығы”.
– Қылмыстың алдын алудың тиімді шараларының бірі – азаматтардың, оның ішінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Жастардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің басталу шарттары туралы хабардар болуы және жалпы заңдылық пен құқық тәртібі үшін жеке жауапкершілігін сезінуі өте маңызды. Қатысушылардың арасында - халық пен Отан игілігі үшін полицияда қызмет етуді армандайтын болашақ әріптестеріміз де бар. Оларға ІІО қызметке кіру шарттары туралы бейнеөнім көрсетілді, - деді Алматы қаласы ПД ӘПБ Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынға 100-ден астам адам қатысты. Жиын соңында жиналғандар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
– Өздеріңіз білетіндей, студенттердің көпшілігі мопедті қолданады. Олар сабақтан бос уақытында жеткізу қызметтерінде жұмыс істейді. Айтпақшы, бұл мопедтерді тіркеу бойынша қазірдің өзінде басталған науқанның шарттарын түсіндіруге арналған әлеуетті аудитория. Жастарға көлікті тіркеу және А1 жүргізуші санатын алу алгоритмі түсіндірілді, - деді Айдын Меркімбаев.