Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері көшбасшылық және жеке құрамның дайындығы бойынша жаттығудан өтті

СҚО полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы қалалық, аудандық полиция бөліністері бастықтарының тәрбие және кадр жұмысы бойынша орынбасарларына оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсібилікті арттыруға бағытталған сабақтарға оннан астам офицер қатысты.

"Спортта да, қызметте де қадам сайын алға" республикалық акциясы шеңберінде өткізілген жиынның бағдарламасына дәрістер, практика және жаттығулар кірді. Полицейлер нормативтік құжаттар бойынша білімдерін толықтырып, арнайы құралдарды қолдану ережелерін және саптық даярлықты ұйымдастыруды нығайтты. Атыс және дене шынықтыру даярлығына ерекше назар аударылды. ПД АЖДБ тәжірибелі қызметкерлері шектеулі уақыт ішінде қызметкерлердің даярлығын тиісті деңгейде қалай ұстау керектігін көрсетті.

Полиция бастығының орынбасарлары – тәртіпке, мотивацияға, жеке құрамның психологиялық жай-күйіне жауап беретін офицерлер. Ұжымның ұйымшылдығы және халықтың полицияға деген сенімі олардың жұмыстарына байланысты. Өткізілген жиын оларға көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге, қиын жағдайларда сенімді әрекет етуге және қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыруға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру