Шымкентте полицейлер жүк көлігінен шыққан өртті сөндірді
Шымкентте полицейлер жүк көлігінен шыққан өртті сөндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызмет атқару барысында Алматы тас жолының бойында жанып жатқан жүк көлігін байқап, бірден көмекке келген.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенге дейін отты алауыздай алды.
Өз кезегінде көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді. Оның айтуынша, жедел әрекеттің арқасында өрт толығымен сөндіріліп, көліктің жүк бөлігіндегі тауарларға жетпеді.
Көлік құралында өрт шығу қаупін азайту үшін автокөлік бөлшектерін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдаланып жууға болмайды, аккумуляторды көлікте зарядтамаңыз, өрт сөндіргіш міндетті түрде болуы қажет.