Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер күзет құрылымдарының басшылығымен кездесті

Полицейлер оқу орындарында күзет қызметін көрсететін 40-қа жуық жеке күзет құрылымының басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары күзет агенттіктерінің жұмысына қатысты заңнаманың талаптарын айтты. Атап айтқанда, қорқыту фактілері және кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты басқа да ықтимал бұзушылықтар туралы хабарламағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы.

Ықтимал құқық бұзушылықтар туралы мектеп әкімшілігі мен ювеналдық полиция қызметкерлерін хабардар ету керек, оқиға туралы — "102" арнасына дереу хабарлау қажет.

Бүгінгі таңда Петропавлдағы барлық мектептер күзет қызметімен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру