Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда ПД бастығы ІІО ардагерлерімен кездесті

Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов ішкі істер органдарының ардагерлері және барлық ауданның ардагерлер кеңесінің төрағаларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полиция жұмысының тиімділігін арттыру, өзекті мәселелер және оның даму жолдары талқыланды.

Кездесу аясында ардагерлер кеңесі төрағаларының есептік кезеңдегі жұмыстары қорытындыланды. Бағалау нәтижелері бойынша ішкі істер органдары ардагерлерінің кеңесшілері арасында үздік аудан болып Маңғыстау ауданы танылды. Бұл мәртебеге оның өкілі Рзағұл Дұрысбаев ие болды. Сонымен қатар ішкі істер органдарының ардагерлеріне алғыс хаттар табысталды.

ВИДЕО

Сағындық Аяғанов ішкі істер органдары ардагерлерімен тұрақты түрде тоқсан сайын өтетін кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Ол қатысушыларға полиция департаментінің 2025 жылға арналған негізгі міндеттері мен жоспарлары туралы баяндап, ұрпақтар сабақтастығының және ардагерлердің өңірдің құқық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығына тоқталды.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ардагерлерге белсенді жұмысы мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, олардың тәжірибесі мен білімі ішкі істер органдары қызметін одан әрі жетілдірудің маңызды негізі болып қала беретінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру