Қызылордада полицейлер мал ұрлығын "ізін суытпай" анықтады
Қызылордада полицейлер мал ұрлығын "ізін суытпай" анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғынының ауласынан қой ұрланғаны жөнінде полицияға арыз түскен.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен жедел тергеу тобы жіберіліп, күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сол ауданның 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің көлігі айғақ ретінде алынды. Күдікке ілінген азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған қой иесіне қайтарылды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу үшін тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.