Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер мектеп оқушыларына кітаптар сыйлады

Түркістан облысында полицейлер мектеп оқушыларына кітаптар сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары өздерінің қауырт қызметтерінен бөлек әрбір мерекеде игі іс атқаруға тырысады. Мәселен бүгінгі “Халықаралық кітап сыйлау күні” аясында, Арыс ауданының полицейлері Ә.Жанкелдин атындағы мектепке арнайы барды.

Мерекенің қағидасы бойынша оқушыларға “Қазақ ертегілері” кітаптары мен кеңсе заттарын сыйлады. Осы арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға үлес қосты. Жас достарын әдеби мұраларды құрметтеуге, насихаттауға шақырды.

Өз кезегінде полицейлер оқушыларды кітап оқуға ынталандырып, қағаз кітап әрқашан құнды сыйлық болып қала беретінін ұғындырды. Кітаппен достасу - адамды рухани байытып қана қоймай, оның ой-өрісін кеңейтетінін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру