Алматыда жастарға арналған кезекті дәріс өткізілді
Алматыда жастарға арналған кезекті дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолы аудитория Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттерінен құралды.
- Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Алматыда студенттер қауымы үлкен және 180 мың адамды құрайды. Олар 36 жоғары оқу орнында білім алады. Студент жастар – кез келген қоғамның ең озық және ұйымдасқан бөлігі. Сондықтан мен жастарды Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтауға және өзін-өзі тәрбиелеуге шақырғым келеді. Біз өскелең ұрпаққа қырағылық пен сақ болуды үнемі ескертеміз: қылмысқа, соның ішінде интернет-алаяқтыққа қатысушы болмаңдар, өз мүліктеріңе, жеке деректеріңе қамқорлық жасап, азаматтық белсенді болыңдар, - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Сондай-ақ баяндамашы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған танымдық дәрістер топтамасы жалғасып жатқанын еске салды.