Түркістанда полиция экстремизм мен киберқылмыстың алдын алу бойынша кездесу өткізді
Түркістан қаласында полицейлер ақпараттық топпен бірлесіп, экстремизм мен киберқылмыстың алдын алу тақырыбында халықпен профилактикалық кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның мақсаты — жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, киберкеңістікте құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ экстремизмнің, кибербуллингтің және басқа да заманауи қауіптердің алдын алу.
Кездесуге Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қ.Жұмаділдаев, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі А.Бектібаев, қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Е.Баетов, облыстық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Х.Мұхаммед, имам А.Ишигов, сондай-ақ этномәдени бірлестік мүшелері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар тұрғындар мен жастар қатысты.
Кездесу барысында жиналғандарға экстремизм мен діни-деструктивті ағымдардың зияны, интернет кеңістігінде балалар мен жастарды қорғау, кибербуллингтің салдары және оның алдын алу жолдары туралы түсіндірілді. Сала мамандары, дінтанушылар мен полиция қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Сонымен қатар ата-аналарға балаларының интернеттегі әрекеттерін бақылау және жастарды дұрыс тәрбиелеу қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді. Кездесу ашық диалог форматында өтті, өзекті мәселелер талқыланып, қоғамдағы қауіпсіздікті арттыру бағыттары атап өтілді.