Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында чемпион полицейлер 400 оқушымен кездесті

Чемпион полицейлер 400 оқушымен кездесіп, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісіне үлес қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өсіп келе жатқан ұрпақ бойына патриотизм құндылықтарын сіңіріп, оның жалғасын үзбеу маңызды іс. Осы мақсатта ел алдында жүрген, еңбегі еленген полицейлер Түркістан қаласындағы №32 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. 400 оқушы жиналған кездесуге ағалық ақыл-кеңестерін жеткізу үшін Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Бекзат Хайриев, Перизат Жақыпбекова, Айнұр Ақжігітова, Төребек Молдаш, Мұхтар Алиповтар арнайы барды. Бұл қызметкерлер тек полицей ғана емес, жанына спортты серік етіп, республикалық, әлемдік сайыстарда жүлдегер атанған чемпиондар.

Мәселен жақында ғана Дубайда өткен халықаралық турнирде еліміздің
атын шығарып, жүлделі ІІ орын алған ҚР ІІМ-нің "Tomiris" әйелдер командасының мүшесі Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкері Айнұр Ақжігітова. Осы жетістігі үшін Президенттің қолынан марапат алған шенді аруымызға жиналғандар қошемет көрсетті.  Сұрақтарын қойып, ашық сұқбаттасу
болды. Біршама жас буынның көзінде полицей аға-әпкелері секілді Мемлекет басшысынан марапат алу, көк туымызды көкте желбірету сынды армандары пайда болды.

Өз кезегінде полицейлер жастарды Отанға қызмет етуге, бойларында спортқа деген сүйіспеншілікті оятуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру