Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстың түйінін тарқатқан тергеуші

Тергеуші – жай ғана істерді жүргізетін маман емес, ол – детектив, тергеуші, әрі әділдік қорғаушысы. Құпияға толы қылмыстарды ашып, шындықтың түбіне жету – оның кәсіби міндеті ғана емес, өмірлік мұраты. Мақаншы ауданында осындай асыл қасиеттерді бойына сіңірген бір жан бар. Адалдықтың, қағидатшылдықтың, парасаттылықтың символына айналған Бақытжан Мамашев туралы Polisia.kz сайты назарларыңызға ұсынады. 

Оның жұмыс күні таңсәріден басталып, өзгелер ұйқыға кеткенде аяқталады. Қылмыстық істі қарау – ол үшін тек тергеу материалдарын зерттеу емес, шындықтың тамырына үңілу. Әрбір айғақты жіті саралап, куәгерлердің айтқанынан айтылмағанды аңғарып, көзге көрінбеген жайттардың түйінін тарқатады.

Соңғы істерінің бірі – қоғамды дүр сілкіндірген ауқымды алаяқтық дерегі. Әлеуметтік желі арқылы тауар сатамын деп, жүздеген адамды алдап соққан әйел артына 22 жәбірленуші мен 6 миллион теңге шығын қалдырды. Әбден ойластырылған бұл қылмыстық схема қаншама жанды зар жылатты. Алайда бұл – Бақытжан Мамашев үшін шешілмейтін түйін емес еді. Екі айға созылған табанды еңбектің нәтижесінде көп қабатты қылмыстық істің барлық қыр-сыры ашылып, әділдіктің таразысына тартылды. Ендігі сөз – Фемидада.

Жылдар бойы ол ондаған күрделі істі тергеп, талай қылмысты ашты. Оның қызметі – жай ғана қағазға хаттама түсіріп, тергеу жүргізу емес, күн сайын әділдік үшін күресу.

Тергеуші болу – тек мамандық таңдау емес, бұл – өмірлік миссия. Ал Бақытжан Мамашев – сол миссияның лайықты өкілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру