Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жас сақшылар мен полицейлер азаматтарды жол ережелерін сақтауға шақырды

Шымкентте жас сақшылар мен полицейлер азаматтарды жол ережелерін сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қаратау АПБ қызметкерлері "Жас сақшы" сыныбының оқушыларымен бірлесіп, жол қозғалысы қағидалары туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Акция барысында полицейлер мен жас тәртіп сақшылары халық көп шоғырланатын орындарда жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне жол жүру ережелері жазылған маңызды ақпараттық парақшалар таратты.

"Жас сақшы" сыныптарының оқушылары профилактикалық шараға белсенді қатысып, жол үстіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарға жауапкершілік пен қызығушылық танытты. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қағидаларды сақтаудың маңыздылығына тұрғындардың назарын аударып, қоғамдық қауіпсіздікке өз үлестерін қосты.

Аталған іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Жазира Жаппарқұл да қолдады. Оқушылармен бірге ол жол қозғалысының әрбір қатысушысының қауіпсіздікті арттырудағы рөлі маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру