Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің 600-ге жуық құқық бұзушылығы анықталды

Түркістан облысында полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерінің 600-ге тарта құқық бұзушылығын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының аумағында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның 2 тәулігінде полицейлер қоғамдық көліктің 576 жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде: заңсыз қайта жабдықтауға байланысты - 13, техникалық байқаудан өтпеудің - 17 жағдайы анықталды. Көлік құралын басқару кезінде жүргізушілердің телефон пайдалануының 80 фактісі белгілі болды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған - 104, масаң күйде көлік басқарған - 2, қарсы бағытқа шыққан - 1 жүргізуші жауапқа тартылды.

Мәселен Сайрам ауданы көшелерінің бірінде "KAESSBOHRER" автобусы тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің қайта жабдықталып, орындық саны көбейтілгені анықталды. Жүргізушіге шара көріліп, хаттама толтырылды.

Ал "Қорғау" бағдарламасы бойынша 8 миллион теңгеден астам төленбей жүрген берешегі бар "Alphard" автокөлігі анықталып, көлік айыптұраққа қойылды.

Полиция өтіп жатқан шараның маңыздылығын ескере отырып, тұрғындарға заңдылықтың бұзылуына жол бермеуге, жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру