Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полициясы тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты

Жетісу облысының полициясы тұрғындарды интернет-алаяқтықтан сақтандырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және олармен күрес шаралары аясында Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізді. Тәртіп сақшылары тұрғын үйлерді аралап, халықты интернет-алаяқтықтың күн санап артып келе жатқан қаупі туралы құлағдар етті.

Полицейлер қала тұрғындарына онлайн сатып алу кезінде, банк карталары мен жеке деректерді қолдануда аса сақ болу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар алаяқтардан қорғану жолдары көрсетілген 2700 брошюра таратылды.

Қазіргі кезде қылмыстық схемалар барған сайын күрделеніп, алаяқтар түрлі айла-амалдарды қолдануда. Сондықтан күмәнді қоңырауларға, ақша аударуды сұраған хабарламаларға, белгісіз сілтемелерге мұқият болу қажет.

Полиция азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады. Қауіпсіздік – әр адамның өз қолында!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру