Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында браконьерлерден 80 келіден астам балық тәркіленді

Түркістан облысында браконьерлерден 80 келіден астам балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Шардара ауданының полициясы мен прокуратура қызметкерлері, Шардара су қоймасы учаскелерінің бірінен заңсыз балық аулау фактісін анықтады.  

Яғни полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын болдырмау мақсатында рейд жүргізіп, су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан жас жігіттерді ұстады. 

Аталмыш Шардара ауданының екі тұрғынынан қайық, 1200 метр балық аулау торы және 80 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді.  

Қазіргі уақытта балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. 

Өз кезегінде полицейлер азаматтарды, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру