Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қылмыс азайған

Түркістан облысында криминогендік ахуал тұрақты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде полицейлер жүргізген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде криминогендік ахуал тұрақты. Бұл туралы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың төрағалығымен өткен жедел кеңесте айтылды. Іс-шара барысында тиісті сала басшылары қылмыстардың тіркелімі, тергеу, жол қауіпсіздігі, "Таза Қазақстан" бойынша баяндама жасады.

Айта кетсек, қабылданған шаралар нәтижесінде жол көлік оқиғаларының саны -7,9 % төмендеген. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны -19,6 %, көшеде жасалған қылмыстар -14 % азайған. Ал соттылығы жойылмағандармен жасалған қылмыстар саны -13,8%.

Облыстың бас полицейі М.Қабденов жеке құрамға алаяқтық қылмыстарын азайтуды, профилактиканы күшейтіп, есірткі қылмыстарына жол бермеуді, жол көлік оқиғаларын болдырмауды тапсырды.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында тұрғындарға түсіндірме жүргізіп, сол бағыттағы жұмыстарды жандандыру тапсырылды. Сондай-ақ ҚР ІІМ Е. Саденовтың тапсырмалары мен нұсқауларын дер кезінде орындауды жеткізді.

Жиын соңында жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін нақты тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Пікір жазылмайды