Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда шетелдік құқық бұзушылар елден шығарылды

Алматыда шетелдік құқық бұзушылар елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

37 заңсыз мигрант Отанына қайтарылды.
Мәселе, Қазақстанда көші-қон заңнамасын өрескел бұзып жүрген Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары туралы болып отыр. Полиция қызметкерлері оларды “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

– Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 330 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 28 шетелдік ҚР-дан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 2 319 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 89 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 10 жұмыс беруші жауапқа тартылды, - дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру