Таразда ер адам колония аумағына 8 телефон өткізбек болды
8 телефонды Тараздағы колонияның қоршауы арқылы өткізуге әрекет жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы бұрын сотталған азаматты ұстады. Ол екі түйіншекті өткізуге әрекет жасаған.
Тексеру кезінде түйіншектердің ішінде 8 телефон болғаны анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді.
Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды.
Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.