Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда Ұлттық ұлан сарбаздары Жеңістің 80 жылдығына орай концерт өткізді

Қостанайда Ұлттық ұлан сарбаздары ұлы жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік концерт өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде елімізде ұлы жеңістің 80 жылдығына орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері де аталмыш акциядан тыс қалмады. Осы жылдың 27 ақпан күні “Жеңіске 100 күн қалды” акция аясында ұландықтар Қостанай қаласындағы Mart сауда үйінде мерекелік концерт берді.

Іс-шара аясында жеңіс жылдарындағы әндер шырқалып, қала тұрғындарының көңіл күйлері көтерілді.

Ұлттық ұлан сарбаздары бүгінде бізге керемет көңіл күй сыйлады. Күтпеген жерден болған бұл концерт біз үшін үлкен бақыт есебінде есептелді десем артық етпес. Ата-бабаларымыздың ерең ерлігін еске алуға көмектескен ұландықтарға мың алғыс-деп атап өтті қала тұрғыны

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша аталмыш іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты халыққа көңіл күй сыйлап, өскелең жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру