Қостанайда полицияның жедел әрекеттерінің арқасында алаяқтықтың алды алынды
Қостанайда полицияның жедел әрекеттерінің арқасында алаяқтықтың алды алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға банктің қауіпсіздік қызметі мен полицияның жедел әрекеттерінің арқасында тоқтатылды.
Таңертеңнен бастап әйелге белгісіз адамдардан қоңыраулар түсе бастаған, олар өздерін “энергетикалық компанияның қызметкерлері” деп таныстырып, оның есептегіштерінің мерзімі өтіп кеткенін айтты.
Әңгіме барысында зейнеткер SMS-хабарламадан кодты айтқаннан кейін «банктің қауіпсіздік қызметінен» қоңырау келіп түсті.
Күдіктілер кодты беру арқылы алаяқтар оның атына несие рәсімдей алатынын хабарлады және алаяқтықтың алдын алу, ақшаны қайтару үшін жалған несие рәсімдеуді ұсынды.
Алаяқтардың нұсқауларына сүйене отырып, алаяқтарға сенген әйел 1 миллион теңге несие алу үшін банк бөлімшесіне келді. Алайда банк қызметкерлері оның мазасыздығын мінез-құлқын байқап, дереу полицияға хабарласты.
Оқиға орнына келген киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері әйелге барлық қоңыраулар алаяқтық схеманың бөлігі екенін түсіндірді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, осындай қоңыраулар қайталануы мүмкін екенін ескертті.