Алматыда полицейлер есептегі жасөспірімдерді балалар колониясына алып барды
Жетісу ауданының полиция қызметкерлері мен прокурорлары кәмелетке толмағандарды балалар колониясына алып барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оларға заң бұзып, жазасын өтеп жатқан жас сотталғандардың күнделікті өмірі көрсетілді.
- Экскурсия полицияда есепте тұрған жасөспірімдерге ұйымдастырылды. Мұндай шаралар қиын жасөспірімдердің мінез-құлқын түзету үшін қажет. Негізгі мақсат – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу. Балаларға сотталғандардың қандай жағдайда жазасын өтейтіні, не істей алатыны және не істей алмайтыны туралы айтылды. Мұндай "экскурсиялардың" айтарлықтай профилактикалық әсері бар екеніне сенімдіміз, - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов.