Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Павлодарда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және өңірдің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен дәстүрлі мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

 - Мемлекеттік органдар мен аймақ азаматтары арасындағы өзара іс-қимылды жақсартудағы маңызды қадам болған іс-шара ондаған азаматтардың назарын аударды. Өтініш білдірген әрбір адам өз сұрақтарына құзыретті мамандардан толық жауап алды, - дейді  Павлодар облысы ПД.

Көші-қон қызметі мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. 2025 жылдың 2 айында "Мемлекеттік корпорация" және ІІО арқылы 40 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. 15 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік ҚР азаматтарына берілді, тұрақты тұратын шетелдіктерге 310 куәлік пен тұруға ықтиярхат берілді және 76 құжат ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге ресімделді. Бұдан басқа, ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер үшін 551 ЖСН тіркелді.

- Біздің мақсатымыз - халыққа мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы түсіндіру, толғандыратын азаматтардың өзекті мәселелерін қарау және шешу. Біздің қызметкерлерге ҚР аумағында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат алу, визаны ресімдеу және ҚР азаматтығын алу тәртібі туралы 20-ға жуық азамат жүгінді. Барлық азаматтарға ҚР Заңнамасы бойынша түсініктемелер беріліп, тиісті органдарға жолданды,  - деп атап өтті ведомствода.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру