Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер тас жолда ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

СҚО-да полицейлер тас жолда ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Жезқазған — Петропавл автожолын патрульдеу кезінде 866 км. Кебек тиелген, тіркеменің осі сынған КамАЗ жүк көлігін анықтады. Тәртіп сақшылар жергілікті ЖШС-ға жүгініп, жүргізушіге көмек көрсетті.

Кәсіпорын басшысы кебек салынған қаптарды тиеу үшін адамдар, сондай-ақ тіркемені жөндеу орнына жеткізу үшін ауыр техника бөлді. Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Челябі — Новосібір автожолының 476 км. DAF ауыр жүк көлігі кюветке кеткен, көлікте 21 тонна металл болған. Полицейлер мен жергілікті кәсіпорын тағы да көмекке келді.

Полицейлер жүргізушілерден жолға шығар алында көліктің техникалық жағдайын тексеруді, жолда Солтүстік Қазақстанның құбылмалы ауа райын, жолдың бетіндегі түзілген қатқақ пен қар алып қалған жерлерді ескеріп, мұқият болугға, күрделі учаскелерде жылдамдықты азайтуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру