Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында шенді аруларға құрмет көрсетілді

Жетісу полицейлері нәзік жанды әріптестерін 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы Д. Рақышев атындағы филармонияда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жетісу полициясында қызмет етіп жүрген ардақты аналар мен аруларға арналған салтанатты кеш өтті.

Мерекелік шараның басында қонақтарға гүл шоқтары тарту етілді. Кештің ашылуында Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов сөз сөйлеп, нәзік жанды тәртіп сақшыларын құттықтады. Ол қызметінде жоғары жетістікке жеткен аруларды марапаттап, олардың қажырлы еңбегі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Жетісу облысының Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Ерік Болатаев өз құттықтауын жеткізді. Кештің соңы нәзік жанды полицейлерге арналған әсерлі концерттік бағдарламаға ұласты.

Бұл кеш – қоғам қауіпсіздігі мен тәртібін сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген аруларға деген құрмет пен ризашылықтың белгісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру